244-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуының нәтижесі мынадай формула бойынша айқындалады:
Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалған объектісінің құны алу салықтық кезеңнің басындағы осындай объектінің құндық балансының сомасы алу осындай объектінің құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған, салықтық кезеңде жүргізілген кейінгі шығыстардың жалпы сомасы.
Алынған нәтиженің оң немесе теріс мәні болуы мүмкін.
Егер салықтық кезеңде I топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы оң мәнге ие болса, онда мұндай мән I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан түскен кіріс деп танылады.
Егер I топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы теріс мәнге ие болса, онда мұндай мән I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан келген залал деп танылады.
2. Мынадай формула бойынша алынған оң мән топтың (II, III және IV топтар бойынша) тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан түскен кіріс деп танылады:
салықтық кезеңде топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активі құнының жалпы сомасы алу салықтық кезеңнің басындағы осындай топтың құндық балансының сомасы
алу салықтық кезеңде осындай топқа келіп түскен барлық тіркеп-белгіленген активтің жалпы құны алу осындай топтың құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған, салықтық кезеңде жүргізілген кейінгі шығыстардың жалпы сомасы.
3. Осы бапты қолдану мақсатында осы Кодекстің 279-бабына сәйкес I топ және (немесе) топтар (II, III және IV топтар бойынша) объектілерінің құндық балансы азайтылатын құн шығып қалған тіркеп-белгіленген активтің құны болып табылады.
4. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс осындай активтердің шығып қалуы орын алған салықтық кезеңде танылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
244-бап. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Ескерту. 244-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:
1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды;
2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емдеуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстарды қамтиды;
3) іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін қоса алғанда, жұмыскерге iссапарда болған уақытта төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі тәулікақы;
4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттарында:
1) жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген, жұмыскер еңбек міндеттерін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын межелі жер іссапарда болатын жер болып табылады;
2) іссапарда болу уақыты:
жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
кету және келу күнін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген іссапарда болатын жерге кету және кері қайтып келу күндерін негізге ала отырып, іссапарда болу күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапарда болу күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапарда болатын жерге кету күнін және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттар негізге алына отырып айқындалады.
3. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы