Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 25-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, олардан айыру  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

25-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, олардан айыру  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, олардан айыру  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы 

   1. "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мынадай жағдайларда: 

      1) бағалаушының қызметін бақылау нәтижелері бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бағалаушылар палатасының бастамасымен; 

      2) азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сот актісі заңды күшіне енгенде жүзеге асырылады. 

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру кезеңі "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімінің кезеңінде оқу курсынан өте отырып, алты айды құрайды.

      2. "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату: 

      1) адам қайтыс болған; 

      2) адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; 

      3) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 

      4) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

      5) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырған жағдайларда жүзеге асырылады. 

      3. "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату бағалаушылар палатасының алқалы басқару органының шешімімен жүзеге асырылады. 

      4. Бағалаушылардың алқалы басқару органының шешімімен "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру

      1) бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын екі реттен артық бұзған не мемлекеттің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соқтыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған; 

       2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген себеп жойылмаған; 

      3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті беруге негіз болған құжаттарда бағалаушының анық емес ақпаратты немесе қасақана бұрмаланған мәліметтерді беру фактісі анықталған; 

      4) бағалау туралы анық емес есеп екі реттен көп жасалған жағдайларда жүзеге асырылады

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл өткен соң жіберіледі. 

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қайта қабылданған кезде аталған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға жіберілмейді. 

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 

      5. "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайда, бағалаушылар палатасы куәліктің тоқтатылу күні мен уақытын көрсете отырып, бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізіп, оны палатаның интернет-ресурсында жариялайды. 

       6. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мынадай жағдайларда:  

      1) адам қайтыс болған; 

      2) адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; 

      3) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 

      4) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

      5) "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырған жағдайларда, бағалаушылар палатасының алқалы басқару органының шешімімен жүзеге асырылады. 

      "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, бағалаушылар палатасы куәліктің тоқтатылу күні мен уақытын көрсете отырып, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізіп, оны палатаның интернет-ресурсында жариялайды. 

      7. Бағалаушылар палатасы "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыруды: 

      1) сарапшы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын екі реттен артық бұзған не мемлекеттің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соқтыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған; 

      2) бағалау объектісінің бағалау туралы есепте көрсетілген нарықтық немесе өзге құны туралы негізсіз сараптамалық қорытынды жасалған; 

      3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырған; 

      4) сарапшы бағалаушылар палатасының талаптарын бірнеше рет бұзған жағдайларда жүзеге асырады. 

      Бағалаушы "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жылдан соң ғана "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті алуға құқылы. 

 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы