Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар: 

      1) штат санының лимиті негізінде және белгіленген тәртіппен бекітілетін нормалар бойынша орталық атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволарын материалдық-техникалық қайта жарақтандыру перспективаларын негізге ала отырып, мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер қажеттілігіне өтінімдер береді; 

      2) мақұлданған мамандандырылған ғылыми бағыттар шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер береді; 

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құпияландыруына жататын мәліметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды; 

      4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді; 

      5) сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) әзірлейді және бекітеді; 

      6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады, сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады; 

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жібереді; 

      9) әскери өкілдік болмаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады; 

      10) әскери өкілдік болған кезде əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәліктің негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес атау, номенклатура және жинақталым бойынша əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады; 

      11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды; 

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды. 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы