Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 25-бап. Салық салу қағидаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

25-бап. Салық салу қағидаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. Салық салу қағидаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасы осы Кодексте белгіленген салық салу қағидаттарына негізделеді. 

      Салық салу қағидаттарына салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық салудың ашықтығы, салық төлеушінің (салық агентінің) адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары жатады. 

      Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

       Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiнде мынадай: 

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын; 

      2) мемлекеттік статистика саласындағы; 

      3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi, оның ішінде: 

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді; 

      жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді; 

      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді; 

      ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді; 

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді; 

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді; 

      шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді; 

      бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыратын; 

      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн; 

      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын; 

      6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын; 

      7) нотариаттық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын; 

      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты; 

      9) көлік пен коммуникацияларды; 

      10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын; 

      11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын; 

      11-1) цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен; 

      12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды. 

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы