Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституция және конституциялық заңдар / 25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.

      Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

      2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

      3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

      4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

22-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

22-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья сот төрелігін іске асыру кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республи...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 22-бабына түсініктеме. Судьяның тәуелсіздігі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 22-бабына түсініктеме. Судьяның тәуелсіздігі1. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республик...

Толық оқу »