Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 25-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Жол жүрісі туралы Заңы

25-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Жол жүрісі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Жол жүрісі туралы Заңы 

      1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, қарамағында жолдар бар жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды оның қауіпсіздігі мен жолдардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жүзеге асырады. 

      2. Жолдардың өткізу қабілетінің жоғары болуын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол иелері: 

      1) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі құжаттама негізінде жол жүрісін ұйымдастыру және көліктік жоспарлау жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 

      2) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын тәулік бойы пайдалануды және жедел жөндеуді қамтамасыз етеді; 

      3) жолдарда жүріс жолағының ені мен саны тек қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісін ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке бөлінген жолдарды ұйымдастырады. 

      3. Аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 

      1) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді; 

      2) жобаларды келісуді және қаржыландыру көздерін айқындауды қоса алғанда, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру саласында бірлескен жобалауды және іс-шараларды іске асыруды өңіраралық және өңірлік үйлестіруді қамтамасыз етеді; 

      3) адамдар жаппай келетін объектілер салуды жоспарлау кезінде аумақтық көлік жүйелерінің тасымалдау және өткізу мүмкіндіктерін есепке алуға қойылатын талаптарды белгілейді; 

      4) елді мекендердің көлік жүйелерінің тасымалдау және өткізу қабылетін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында күрделі құрылыс объектілерін орналастыру және оларды көше-жол желісіне қосу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді; 

      5) көліктік жоспарлау, көліктік инфрақұрылым объектілерін дамыту және орналастыру кезінде елді мекендердегі автомобильдендірудің қазіргі бар және перспективалық деңгейін есепке алуға қойылатын талаптарды белгілейді; 

      6) қызыл сызықтарды орнату және жаңартып отыру, олардың шекарасындағы аумақтарды пайдалану регламентін міндетті түрде сақтау, сондай-ақ көліктік инфрақұрылым объектілерінің жоспарлы орналастырылуы үшін аумақтарды резервке қою жөніндегі талаптарды енгізеді; 

      7) аумақтардың көліктік байланыстылығын және қолжетімділігін бағалаудың құқықтық критерийлерін және оған қойылатын нормативтік талаптарды белгілейді; 

      8) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзара байланысын қамтамасыз етеді; 

      9) қолданылуы стандарттау жөніндегі құжаттарда регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада көзделген техникалық құралдарды, құрылғылар мен конструкцияларды пайдаланады; 

      10) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнатуға және пайдалануға қойылатын негізгі нормативтік құқықтық талаптарды белгілейді; 

      11) елді мекендерде және оларға іргелес аумақтарда көлік жүйелерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлік жүйелеріне, жол жүрісін ұйымдастыруға және көліктік инфрақұрылымға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарды белгілейді. 

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде көлік ағынының нормативтен тыс жүктемесімен және қоршаған ортаға антропогендік жүктемемен сипатталатын, жекелеген қала аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймақтарын құруға құқылы. 

      5. Көше-жол желісінің көліктік-пайдалану сипаттамаларының көлік жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуін бақылау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жолдарда, елді мекендердің көшелерінде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында, көше-жол желісіне тән учаскелерінде көлік құралдары жүрісінің параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылық, жүктеме деңгейі, жүру аралығы, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу және жинақтау арқылы жол жүрісіне мониторингті жүзеге асырады. 

      6. Айрықша мақсаттағы автомобильдердің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, ал басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде ұлттық қауіпсіздік органдары автомобиль жолдары немесе автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері (арнайы трассалар) бойынша олардың жүру жылдамдығы мен маршруттарын айқындауға және осы жолдарда көлік құралдарының жүруіне, аялдауына және тоқтап тұруына шектеу енгізуге, жол жүрісінің бағытын уақытша өзгертуге құқылы. 

      Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады. Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде арнайы трассалардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлері тоқтатыла тұруы мүмкін. 

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы