Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 251-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

251-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

251-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Балық аулау қағидалары, балық аулау объектілері, балық шаруашылығын жүргізу және балық аулау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларға жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық аулаушының бір рет шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауына мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген қағидалар, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.

      3. Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстары мен басқа да су жануарлары мекендейтін және таралатын жерлерде гидромелиорациялық жұмыстар өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдардыңң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы