Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 253-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

253-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

253-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Жануарларды табиғи ортасынан алу арқылы зоологиялық коллекциялар жасауды және толтыруды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде зоопарктердің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдардың жабайы жануарларын жинауды) жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

      2. Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылықты білдіретін және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттік есепке алуға жатады.

      3. Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен шығару және мемлекеттік есепке алу, оларды саудалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, оның шегінен тыс жерлерге жіберу және әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы