Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 255-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

255-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

255-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:

      1) өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғайтын технологияларды қолдану;

      2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуын бастапқы есепке алуды жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, осы ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;

      3) жануарларды аулаудың белгіленген қағидаларын, нормаларын, нормативтерін, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;

      4) бекітілген аумақтағы жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғауды жүзеге асыру;

      5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың мекендеу ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;

      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      7) аурулардың профилактикасы және олармен күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға , балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жануарлар ауруларының анықталуы, олардың мекендеу ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың жойылып кету қатерінің төнуі және қырылу жағдайлары туралы дереу хабар беру;

 Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу кезінде осы баптың бірінші бөлігінің 1), 6) және 7) тармақшаларында көзделген экологиялық талаптар сақталуы қажет.

      8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі және мекендеу жағдайлары нашарлаған, жануарлардың өсімін молайту қабілеті төмендеген және жойылып кету қатері төнген жағдайларда оларды пайдалануды өз бетінше тоқтату, жануарларға және олардың мекендеу ортасына жағымсыз ықпалды жою жөніндегі шараларды кейінге қалдырмай қабылдау.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы