258-бап. Негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Қазақстан Республикасының мынадай салаларда:
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
халықты жұмыспен қамту;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға және олардың сақталуын тексеруге бағытталған шаралар кешені әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады.
2. Жеке тұлғалар және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
3. Берілген құзырет шеңберінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды:
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша – уәкілетті мемлекеттік орган;
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау (жұмыс берушілердің міндеттері бөлігінде) және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
салық агенттері мен дара кәсіпкерлердің өзі үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды есептеуді, ұстап қалуды және аударуды толық және уақтылы жүзеге асыруын бақылау бойынша мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы