Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы 

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) және 3-2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.

      2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесiндегi ақпаратты:

      1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;

      1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;

      2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;

      3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

      4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тәуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

   3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.

      4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.

      5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уәкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.

      6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:

      1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;

      2) ақпарат қалыптастырылатын және берілетін тіл;

      3) электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;

      4) сәйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);

      5) дауларды реттеу тәртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтерді даулау тәртібі;

      6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;

      7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.

      7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.

      Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мәміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:

      1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;

      2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;

      3) кредиттік есеп;

      4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мәліметтерді даулауға қатысты құжаттар.

      9. Уәкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау және беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      10. Кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасу кезінде алынған ақпарат пен мәліметтерді тек қана кредиттік қатынастарды ресімдеу және (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында пайдалануы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы