Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Кәсіптік құзыреттілік деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау болып табылады.

      2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.

      3. Уәкілетті орган  уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізеді.

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізеді.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын , олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізеді.

      5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

      6. Аттестатталатын адамдар әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан ерте болмайды.

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы