Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар: 

      1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді; 

      2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың тактикалық-техникалық тапсырмаларының (техникалық өзіндік ерекшеліктердің, тактикалық-техникалық сипаттамалардың) жобаларын қарайды және әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) ұсыныстарды қалыптастырады; 

      3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаларды негіздейді; 

      4) əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді; 

      5) уәкілетті орган және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы төлейтін бюджет қаражатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға ғана пайдаланады; 

      6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді; 

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырады; 

      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, сатып алынған, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленген мерзім ішінде істен шыққан жағдайда, олардың істен шығу себептерін анықтау үшін өз өкілдерін дереу жібереді; 

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды. 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы