Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Судьяның тәуелсiздiгi:

      1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

      2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;

      3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген судьяны лауазымға сайлау, тағайындау, оның өкiлеттiктерiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның отставкаға құқығымен;

      5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

      2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады.

      Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.

      Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы