26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру Автомобиль көлiгi туралы Заңы
1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2. Таксимен тасымалдаушылар:
1) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың тасымалдауларды жүзеге асыруын қоспағанда, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгілері бар таксилерді пайдалануға;
1-1) жүргізушіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен еңбек шарты жасалғаннан кейін жеңіл таксиді басқаруға жіберуге;
2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;
6) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда кемінде бір инватаксиінің болуына;
8) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
2-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға осы бапта көрсетілген талаптарды дербес орындайды.
2-2. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ақпараттық-диспетчерлік такси қызметіне жүктеледі.
3. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;
2-1) ақпараттық-диспетчерлік қызметінің болуына немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға;
2-2) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;
3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды, электрқуаттау станцияларына арналған инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
6. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметі осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы.
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы