Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 267-1-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

267-1-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

267-1-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Сот оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Кодекстің 14-тарауының қағидалары бойынша қарайды.

      2. Судья оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді талап қою қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде қарайды. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

      3. Сот, егер:

      1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

      2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;

      3) қарсы талап қою қабылданса;

      4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мүмкін болса;

      5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;

      6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.

      4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою қабылданған күннен бастап есептеледі.

      5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 267-2-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің 14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы