Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi  Нотариат туралы Заңы

27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi  Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi  Нотариат туралы Заңы 

      1. Нотариаттық палата:  

      1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;  

      2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;  

      3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді; 

      3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады; 

      3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

      4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;  

      5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;  

      5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;  

      6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 

      7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;  

      8) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      9) жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды; 

      10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 

      11) жасалған нотариаттық әрекеттерді есепке алуды жүргізеді; 

      12) өзінің интернет-ресурсында: 

      нотариаттық палаталар мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін; 

      Нотариустың әдеп кодексін; 

      нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені; 

      нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы, нотариаттық палатаның басқармасы қабылдаған шешімдерді; 

      нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды; 

      нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті; 

      нотариаттық палатаның қызметі туралы есептерді; 

      нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады; 

      13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жекеше нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды беруді жүргізеді; 

      14) жекеше нотариустар мөрлерінің бедерлері мен қолтаңбаларының үлгілерін аумақтық әділет органына жібереді. 

      1-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:  

      1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;  

      2) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырады, нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; 

       3) нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдауды жүзеге асырады, нотариаттық палатаға мүшеліктен шығарады;  

      4) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палатаның қызметі туралы қорытылған есептерді ұсынады; 

      5) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      7) лицензиарға нотариусқа қатысты жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді; 

      8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады; 

      9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді; 

      10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады; 

      11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды; 

      12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді. 

      2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда – өз түсiнiктемелерiн, оның iшiнде кәсiптiк әдептi сақтамау мәселелері бойынша түсiнiктемелерiн ұсынуын талап етуге құқылы. 

      3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.  

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2003.06.11 № 437, 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы