Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау  Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау  Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

       27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау  Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

 

      1. Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет жобасын,  алдын ала бағалауды оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады. 

      2. Республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау республикалық бюджет жобасы шығыстарының елдің жалпыұлттық басымдықтарына, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және орталық мемлекеттік органдардың өзге де құжаттарын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. 

      3. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджет жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ұсынылады. 

      Нақтыланған республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджет жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ұсынылады. -  Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 213-VIII ҚРЗ 

      4. Алдын ала бағалау нәтижелері ұсынымдық сипатта болады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы