27-бап. Уәкілетті органның құзыреті Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) микроқаржылық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады
2) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) тиісті микроқаржылық қызмет түріне қатысты пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
4-1) микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және оның шекті мәнін айқындайды;
4-2) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін айқындайды;
4-3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
4-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;
4-5) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекітеді;
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын әзірлейді және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді;
6) микроқаржы ұйымының қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
6-1) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7) сотқа:
осы Заңның 16-бабының 9-тармағында көзделген талап орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын;
микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;
2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған заңды тұлғаларды;
қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын (микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда), осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген заңды тұлғаларды;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 27-баптың екінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша мыналарды бекітеді:
1) микроқаржы ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі;
2) микроқаржы ұйымының қаржылық пен өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы