27-бап. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы
1. Ұлттық ұланда әскери қызмет атқарудың осы Заңда белгіленген ерекше сипаты және әскери қызметшілердің жауапкершілігі "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.
3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін осы Заңның 10-бабына сәйкес тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде міндеттерді орындауға тарту кезеңінде еңбек сіңірген жылына есептелетін әскери қызмет мерзімінің бір күні үш күн есебіне саналады және үш еселенген мөлшерде ақшалай қамтылым төленеді.
4. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы