Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу  Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы 

      Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:

      1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының немесе электрондық нысандағы лицензиялардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);

      3) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

      3-1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      4) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік бюрода тіркелу үшін мынадай құжаттарды:

      1) кредиттік бюрода тіркеу туралы өтінішті;

      2) банк немесе микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің оны сайлау туралы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені;

      3) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетілген ақпарат осындай адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы