Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Масс-медиа туралы Заңы

28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Масс-медиа туралы Заңы 

      1. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат иеленушілердің және ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанына өз журналистерін аккредиттей алады. 

      Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталары беріледі. 

      Аккредиттеу картасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бірыңғай медиаплатформа арқылы беріледі. 

       Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Ақпарат иеленушілер, ұйымдар журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде журналистерді аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.  

       2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар өткізілетін отырыстар, кеңестер және өзге де іс-шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.  

      3. Жабық іс-шара өткізу туралы шешімдер қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистің өзін аккредиттеген мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысуға құқығы бар. 

      4. Егер журналист аккредиттеу қағидаларын бұзса не өзін аккредиттейтін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратса, егер бұл заңды күшіне енген сот шешімімен танылса, аккредиттеуден айырылады. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы