283-5-бап. Кедендік баждар салудан босату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды импорттау кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықты импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Осы тараудың мақсатында технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау жөніндегі технологиялық процесс шеңберінде технологиялық жабдық деп қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау процесін жақсартуға ықпал ететін тауарлар түсініледі.
Жиынтықтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, құрауыш, бөлшек немесе өзге тауар түсініледі.
2. Технологиялық жабдықты және оның жиынтықтауыштарын импорттау кезiнде кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтындай болып берiледi.
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн импорттау кезiнде бес жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату ұзақ мерзімді активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.
Шикiзатты және (немесе) материалдарды импорттау кезiнде кедендік баж салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жыл мерзімге беріледі.
Кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк графигін айқындайтын оңайлатылған инвестициялық келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.
Егер жұмыс бағдарламасында екi және одан көп ұзақ мерзімді активтердi пайдалануға беру көзделсе, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды әкелуге кедендік баж төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бiрiншi ұзақ мерзімді актив пайдалануға берілген күннен бастап жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 215-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы