Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

  1. Мыналарға: 

     1) инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына; 

     2) инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингтік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.  

    2. Инвестициялық преференциялар мынадай инвестициялық келісімшарттардың: 

     1) инвестициялар туралы келісімнің; 

     2) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің; 

     3) оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың талаптарына сәйкес жобаның мазмұнына қарай беріледі.  

     3. Салықтар бойынша инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен салықтар бойынша инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қарау негізінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша беріледі. 

     Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінім бойынша шешімі осы Кодекстің 292-бабына сәйкес өтінімге берілген материалдарды қарау, сондай-ақ құзыретіне өтінімде көзделген қызметтің басым түрі жататын уәкілетті органның қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.

  3-1. Инвестициялық преференциялар осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық келісімшарттардың біреуі бойынша ғана беріледі.

      4. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).  

5. Инвестициялық келісімшарттар жасасқан тұлғаларды инвестициялық келісімшарттардың талаптары шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемесін орындаудан толық босатуға жол берілмейді.

 

 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы