285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға "бiр терезе" қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 215-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы