288-бап. Қаруды заңсыз жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Атыс қаруын, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз жасау –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Газды қаруды, суық қаруды, оның iшiнде лақтырылатын қаруды заңсыз жасау –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы