Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Мынадай:

      1) жоғары экономикалық және (немесе) заң білімі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;

      4) уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;

      5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

   7) мемлекеттік тілді білмейтін адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды

      2. Микроқаржы омбудсманы микроқаржы ұйымында және (немесе) коллекторлық агенттікте кез келген лауазымды атқаруға, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы