Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Микроқаржы омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері микроқаржы омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында микроқаржы омбудсманының қызметі микроқаржы ұйымдарының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.

      Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда микроқаржы омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.

      3. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.

      4. Микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларында:

      1) ревизиялық комиссияның және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың (бар болса) құрылымы, міндеттері мен өкілеттіктері;

      2) микроқаржы омбудсманының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;

      3) дауларды шешу тәртібі;

      4) микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер айқындалуға тиіс.

      5. Микроқаржы омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

      Микроқаржы омбудсманы өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    Микроқаржы омбудсманы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарауға құқылы.

      6. Микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) офистің, оның ішінде бөлімшелер мен өкілдіктердің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) микроқаржы омбудсманын сайлау туралы мәліметтер;

      3) микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін қауымдастықтардың (одақтардың) тізбесі;

      4) микроқаржы омбудсманы ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      5) микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібі;

      6) микроқаржы омбудсманы жұмысының қорытындылары туралы ай сайынғы ақпарат;

      7) микроқаржы омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есептер;

      8) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға арналған, ақпараттық және түсіндірме материалдары мен сот практикасының материалдары жарияланатын бөлім;

      9) микроқаржы нарығына қатысушылармен жасалған келісімдер мен меморандумдардың тізбесі.

      7. Микроқаржы омбудсманы тұрған жері өзгерген жағдайда бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде бір ай мерзімнен кешіктірмей және микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға міндетті.

      8. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесінің шешімі бойынша:

      1) қарыз алушы-жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуды автоматтандыру және өңдеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның қолданылуын;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету үшін микроқаржы омбудсманының офисінде колл-орталықтың не жедел желінің ендірілуін;

      3) келіспеушіліктерді реттеу мақсатында шарт негізінде кредиттік бюроның ақпараттық базасынан қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиттік есебін жедел алуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы-жеке тұлғалардың жолданымдарына талдау жасау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының және (немесе) коллекторлық агенттіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды жіберуге құқылы.

      9. Уәкілетті орган:

      1) микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын келісуді жүзеге асырады;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғалардың микроқаржы омбудсманының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;

      3) өкілдер кеңесіне микроқаржы омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайларда микроқаржы омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды жібереді;

      4) осы Заңға сәйкес микроқаржы омбудсманының қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы