29-бап. Кредиттік есептi беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Кредиттiк есептi беруге:
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.
Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның , сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бойынша сұрау салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің.
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
3-1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
4. Кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісіне оның өзіне қатысты кредиттік есепті беруі кредиттік тарих субъектісінің жазбаша сұрау салуы не электрондық нысандағы сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi күнтізбелік бір жылдың ішінде ұсынудың барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің – жеке тұлғаның осы Заңның 19-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін бір ай ішінде банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы