Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Келіп түскен қылмыстық істі оны тоқтату туралы қаулымен бірге немесе қылмыстық істі бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулыны зерделеу нәтижелері бойынша прокурор олар келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулыны бекітеді;

      2) уәжді қаулымен қаулыны бекітуден бас тартады және қажетті тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады;

      3) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген шешімдер қабылданған жағдайда қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға мүдделі адамдарды хабардар ету, сондай-ақ заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шараларының, мүлікке тыйым салудың, лауазымнан уақытша шеттетудің, басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою, қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оларды одан әрі жүзеге асыру туралы шешімдерді орындау үшін жіберіледі.

      Күдіктіге қатысты таңдап алынған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылған жағдайда прокурор қаулының көшірмесін дереу күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне орындау үшін жібереді.

      3. Осы Кодекстің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша прокурор оларға тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уәжд...

Толық оқу »

629-8-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі істі тоқтату туралы қаулының және айыптау үкімінің заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-8-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі істі тоқтату туралы қаулының және айыптау үкімінің заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi...

Толық оқу »

629-7-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-7-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекс...

Толық оқу »

605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту турал...

Толық оқу »