⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

      1. Осы Заңның негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, баланың құқықтарының негізгі кепілдіктерін нығайту және құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру болып табылады. 

      2. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып танылады: 

      1) балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау басымдығы; 

      2) балалардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту; 

      3) әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. 

      3. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру; 

      2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру; 

      3) балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу; 

      4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдарды құру; 

      5) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету; 

      6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы