Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады. 

      2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады: 

      1) заңдылық; 

      2) кәсіпкерлік еркіндігі; 

      3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; 

      4) меншікке қол сұғылмаушылық; 

       5) адал бәсекелестік;  

      6) тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі; 

      7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік; 

      8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі; 

      9) кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру; 

      10) құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы; 

      11) кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі; 

      12) сыбайлас жемқорлықтан азат болу; 

      13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; 

      14) қазақстандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау; 

      15) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу; 

      16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы; 

      17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру; 

      18) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы; 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы