3-бап. Орталықтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет және оның қатысушылары "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар және оларды Орталықтың қатысушылары ретінде аккредиттеу тәртібі, олардың Орталықтың аумағында жүзеге асыруға жол берілетін қызметінің түрлері, лицензиялау тәртібі және Орталықтың қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары Орталықтың актілерінде айқындалады.
1-1. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлерімен тең танылады және қолданылады.
1-2. Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін, Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру тәртібін Орталықты Басқарушы айқындайды.
2. Орталықтың аумағында бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.
Орналастырылуы және (немесе) айналымға жіберілуі қор биржасында жүзеге асырылатын өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін қор биржасы белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы