3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Орман кодексі Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;
2) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау.
2. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу;
2) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
3. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су қорғау және санитариялық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
4) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
5) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
6) орман пайдалануды реттеу функциялары мен басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларының аражігін ажырату;
7) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
8) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
9) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
10) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысуы.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы