3-бап. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаны сақтау үшін су пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстап тұру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бассейндік қағидат негізінде су қорын басқару және қорғау, сондай-ақ су ресурстарын интеграцияланған басқаруды дамыту;
2) су үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамыту;
3) су қатынастары объектілерінің құқықтық мәртебесін бекіту;
4) су қорын қорғау және пайдалану кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
5) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды басқару, пайдалану және дамыту кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылымды дамыту және мемлекеттік басқаруға ғылыми негізделген тәсілді қолдануды қамтамасыз ету (жоспарлау, есепке алу, мониторингтеу, нормалау, сараптау);
7) су қатынастары субъектілерінің қызметін реттеу, су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
8) су қорын қорғау және пайдалану саласында сұранысты басқарудың экономикалық тетіктерін бекіту;
9) су қорын қорғауды қамтамасыз ету;
10) елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қызметті реттеу, технологиялық тиiмдiлікті арттыру, тазартылған сарқынды суларды пайдалану есебінен су үнемдеуді қамтамасыз ету;
11) суды үнемдеу технологияларын және цифрлық технологияларды ендіре отырып, ирригация мен дренажды дамыту;
12) Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу;
13) трансшекаралық су объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негіздерін бекіту.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;
6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.12 № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы