⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

3-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы 

      1. Мыналар: 

      1) саналуан түрдегі өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету; 

       2) жабайы өсетін өсімдіктердің табиғи әртүрлілігі мен гендік қорын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары болып табылады.  

       2. Мыналар:  

      1) мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету; 

      2) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі қызметті ғылыми қамтамасыз ету; 

      3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 

      4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының міндеттері болып табылады. 

      3. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді: 

      1) қоршаған ортаның орнықтылығын және өмір сүру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету факторы ретінде өсімдіктер дүниесін сақтаудың жалпы мемлекеттік маңыздылығы мен басымдығын тану; 

       2) өсімдік түрлерін, олардың популяциялары мен қауымдастықтарын басым түрде табиғи өсу жағдайында, сондай-ақ олар өсетін жерлерді орнықты сақтау;  

      3) өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану; 

       4) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлену;  

       5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы;  

      6) өсімдіктер дүниесінің зияны мен шығындарын өтеу; 

      7) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі және жұртшылықтың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында шешімдер қабылдауға қатысуы. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ. 

      Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді. 

[Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы