Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру) Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру) Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру) Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы 

      1. Кооператив мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және ауыл шаруашылығы кооперативінен шығуға құқылы. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өзгеше белгiленбесе, пайды кооперативтің мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне беруге болады. Пайды сату кезiнде кооперативтің басқа мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады. 

      2. Осы Заңның 29-бабы 1-тармағының 1), 3 — 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған кезде кооператив мүшесiне немесе оның құқықтық мирасқорына оның пайы, сондай-ақ кооператив мүшесіне тиесілі кооперативтік төлемдер мен ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысының бір бөлігі төленедi (берiледi). Пай төлеу (беру) туралы шешiмдi ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды. 

      3. Пайды төлеу (беру) ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады, бiрақ ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс. 

      4. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің кооперативтен шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) мүмкіндігі болмаса, кооперативтің жалпы жиналысы кооперативтің басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi). 

      5. Кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған кезде оның енгізген мүлік (пай) жарнасын төлеу ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі есебінен, оның ішінде кооператив мүшелерінің қосымша жарналары есебінен ақшалай және (немесе) заттай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Кооперативтің қауымдасқан мүшелері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін үшінші тұлғаларға кепілдікті беруін талап ету құқығын иеліктен шығарған кезде міндеттемелерді орындауды ауыл шаруашылығы кооперативі кооперативтің қауымдасқан мүшесімен жасалған шарттың немесе өзге де құжаттың талаптарына сәйкес осындай тұлғалар жүзеге асырады. 

      6. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан кезде оларға жер учаскелері немесе оларға заттық құқық түрінде пай төлеу (беру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер  I-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелерI-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың...

Толық оқу »

58-бап. Шаруашылық серiктестiк туралы негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

58-бап. Шаруашылық серiктестiк туралы негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына)...

Толық оқу »

199-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шаруашылық жүргізуіндегі мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары

199-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шаруашылық жүргізуіндегі мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары Мемлекеттік кәсіпорынның иесін әдетте уәкі...

Толық оқу »

199-бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi мүлiкке қатысты құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

199-бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi мүлiкке қатысты құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына с...

Толық оқу »

29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтату Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтатуАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік:      1) ауыл шаруашыл...

Толық оқу »