30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер органдары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркейдi;
3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тiркейдi;
4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
7) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы