30-бап. Камералдық бақылау Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
Камералдық бақылауды және шағымдарды аппеляциялық ретке келтіруді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау жүргізіледі.
2. Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
2) осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджетке өтелуге, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады.
6. Камералдық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелместен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы