Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық іс жүргізу толық немесе ішінара электрондық форматта жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы қаулы шығарылады. Мұндай формат кезінде Конституциялық Соттың актілері мен оның лауазымды адамдарының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және жолданымды қарау кезінде тартылатын тұлғалардың әрекеттері электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделуі мүмкін.

      2. Конституциялық іс жүргізу электрондық форматта жүргізілген кезде оның материалдары электрондық істе қалыптастырылады.

      3. Конституциялық Соттың бастамасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын тұлғалар, олардың өкілдері және өзге де адамдар техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы Конституциялық Соттың отырысына қатыса алады.

      4. Конституциялық іс жүргізу барысында техникалық құралдар мен ақпараттық сервистерді қолдану тәртібі осы Конституциялық заңның, Конституциялық Сот регламентінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы