Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 30-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

30-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

30-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсететін жеке және заңды тұлғалар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері болып табылады.

      3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері екі топқа бөлінеді:

      1) мәні жоғары объектілер;

      2) мәні болмашы объектілер.

      Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік  бақылау мен қадағалауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

       Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

   4-1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

      5. Алып тасталды – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеуі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жеке тұлғаның жолданымы бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы