30-бап. Ұлттық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы
1. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиациялық, автомобильдік, броньды танктік және басқа да әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етіледі.
3. Маңызды мемлекеттік объектiлер мен коммуникацияларды, арнайы жүктерді, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнің объектiлерiн күзету жөніндегі мiндеттердi орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) жеке құрамды, қару-жарақты, техника мен әскери-техникалық мүлiкті, сондай-ақ басқару органдарын орналастыру үшін әскери қалашықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды объектiлерiн Ұлттық ұлан күзететiн министрлiктер, ведомстволар (мекемелер) бөледі немесе салады.
4. Төтенше жағдай режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу ахуалында, бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу кезінде тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға тартылатын Ұлттық ұланның бөлiмшелерi бюджет қаражаты есебінен жайластыруға арналған тұрғын үй-жайлармен, көрсетілетін коммуналдық қызметтермен, байланыс желілерімен және арналарымен, көлік құралдарымен және жанар-жағармай материалдарымен, қосымша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
5. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы