Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 3093-бап. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

3093-бап. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3093-бап. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі  

      1. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау меншіктегі, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе электрондық сауда операторларынан жалға алынған құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) (бұдан әрі осы тарауда - құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) жүзеге асырылады.

      Кедендік операцияларды бір электрондық сауда операторы жасайтын электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау, басқа электрондық сауда операторының меншіктегі шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе жалға алынған құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) жол беріледі.

      3. Уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 103-бабына сәйкес, ал Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкелінетін электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 288-бабына сәйкес туындайды, тоқтатылады және орындалуға жатады.

      4. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда заңды тұлға уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты оларды шығару үшін қажетті кедендік операцияларды жасауды осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Егер осы Кодекстің 101-бабында көзделген электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды осы Кодекстің 3094-бабы 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға жасамаған жағдайда, мұндай электрондық сауда тауарларын электрондық сауда операторы кеден органының рұқсатымен кедендік декларацияламай және кедендік рәсімдерге орналастырмай Одақтың кедендік аумағынан әкетуі не мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен немесе жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органының рұқсатын алуға және ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электрондық сауда тауарларын тасымалдау (тасу) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен көзделген жағдайда заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен кедендік транзиттік рәсіміне орналастырусыз жүзеге асырылады.

      Комиссия осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін айқындауы мүмкін.  

 

 

 

2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.  

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы