31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету Сақтандыру қызметі туралы Заңы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың бекітілуі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы