Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Өзгерістер / Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б қараңыз. 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлім): 

      1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "3. Банктер мен астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсіпорындарының қызметiн бақылауға, банк қызметін лицензиялауға, банктерді реттеуге, банк лицензиясынан айыру салдарының туындауына, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерге қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi."; 

      2) 128-1-баптың 1-тармағы: 

      "туынды қаржы құралдары" деген сөздерден кейін ", цифрлық қаржы активтері" деген сөздермен толықтырылсын; 

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 

      "Қаржы құралы "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес электрондық-цифрлық нысанда шығарылуы мүмкін."; 

      3) 129-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі "(электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде)" деген сөздерден кейін ", оның ішінде электрондық-цифрлық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын. 

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім): 

      1) 406-бапта: 

      2-тармақ "құндылықтарды" деген сөзден кейін "және цифрлық қаржы активтерін" деген сөздермен толықтырылсын; 

      2-1-тармақтағы "Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы" деген сөздер "Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      2) 727-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "1-1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша ақша қарызы мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алмай жүзеге асырылады."; 

      3) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 10) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: 

      "11) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына тыйым салуға жол берілмейді."; 

      4) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын: 

      "5-4) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына;"; 

      5) 751-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшері жылдық бір пайыздан аспауға тиіс."; 

      6) 754-баптың 1-тармағындағы және 755-баптағы "тапсырмасы", "тапсырмасын" деген сөздер тиісінше "нұсқауы", "нұсқауын" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      7) 759-баптың 2-1-тармағындағы "төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары" деген сөздер "реттеу құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      8) 760-баптың 3-тармағындағы "төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары" деген сөздер "реттеу құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      9) 765-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "2) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимі немесе банкті реттеу режимі кезеңінде не банкті лицензиясынан айыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін."; 

      10) 830-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "4-1. Сақтандыру құпиясы қаржы омбудсманына өзінің қарауындағы жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу жөніндегі жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін."; 

      11) 839-бапта: 

      7-тармақтағы "келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына" деген сөздер "дауларды реттеу үшін қаржы омбудсманына" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      8-тармақтағы "сақтандыру омбудсманы" деген сөздер "қаржы омбудсманы" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      12) 840-баптың 2-тармағы "ережелерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды" деген сөздермен толықтырылсын; 

      13) 842-баптың 2-тармағында: 

      екінші бөлік "сақтандыру шартынан" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру шартынан" деген сөздермен толықтырылсын; 

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: 

      "Сақтанушы-жеке тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде қарыз беруші қарыз шарты бойынша талаптарды осы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі және (немесе) оған байланысты комиссия бөлігінде қайта қарауға құқылы. Қайта қарау нәтижелері бойынша қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (комиссия мөлшері) сақтандыру шартын жасасу талабынсыз осындай қарыз шартын жасасқан күні қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінен (комиссиядан) аспауға тиіс."; 

      үшінші бөлік "(сақтандыру жарналарын)" деген сөздерден кейін "сақтанушы-жеке тұлғадан сақтандыру шартын бұзу туралы өтінішті алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын. 

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 

 

       92-баптың 6-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі "61-4-бабының 8-тармағында" деген сөздер "132-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 

      1) 82-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы "кіретін тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын; 

      2) 129-баптың 11-тармағы "қаржы ұйымдарын," деген сөздерден кейін "микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды," деген сөздермен толықтырылсын; 

      3) 139-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: 

      "11-1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарына және Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасы саласында;"; 

      4) 283-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: 

      "15) цифрлық қаржы активтерінің айналымына (айналысына) байланысты қызмет.". 

      5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 

      1) 27-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "1-1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды."; 

      2) 155-баптың екінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 

      "2. Реттеу режиміндегі банкке қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді. 

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру жөніндегі дау айтылып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін және реттеу құралдарын қолдану туралы дау айтылатын құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді."; 

      3) 156-баптың бірінші бөлігінде: 

      1) тармақшаның екінші абзацы "шоттарындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына" деген сөздермен толықтырылсын; 

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

      "5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дау айтылып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін және реттеу құралдарын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;"; 

      4) 160-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын; 

      5) 240-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 

      6) 243-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын; 

      7) 302-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы алып тасталсын; 

      8) 41-тарау алып тасталсын. 

      6. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне: 

      1) 69-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында: 

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын; 

      "шарттарды есептік тіркеуді жүзеге асыру, шетелдік банктердегі шоттар және осындай шоттарды есептік тіркеу туралы хабардар ету" деген сөздер "шарттарға есептік нөмірлер беру, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар бойынша мәліметтерді ұсыну және оларға есептік нөмір беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      2) 96-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "2) тиісті шешім қабылдағанға дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған тиісті тізілімдерден алып тастау және цифрлық активтер саласындағы және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру жөніндегі әкімшілік актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған шектеулі ықпал ету шараларын және қадағалап ден қою (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) шараларын қолдану жөніндегі, банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін және реттеу құралдарын қолдану туралы әкімшілік актіні, сондай-ақ бюджет қаражатын нысаналы және негізді пайдаланбаудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әкімшілік актілерін;". 

      7. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 

      1) 1-баптың 123-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "123-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде: 

      аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау; 

      аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы; 

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;"; 

      2) 40-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "белгіленген мерзімдерде" деген сөздер "белгіленген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      3) 52-баптың 4-тармағының 10) тармақшасы "алымдарды және" деген сөздерден кейін "баламалы құралдарға инвестициялармен," деген сөздермен толықтырылсын; 

      4) 55-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы "байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына" деген сөздер "байланысты, сондай-ақ қадағалау функцияларын не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      5) 59-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: 

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыскерлерді тәуекел-менеджмент басшысы, ішкі аудит бөлімшесінің басшысы, бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындау кезінде олардың осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді."; 

      6) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

      "63-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері 

      1. Мыналар: 

      1) басқару органының басшысы мен мүшелері; 

      2) атқарушы органның басшысы мен мүшелері; 

      3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары; 

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де тұлғалар; 

      5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады. 

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары, бас бухгалтерлері және бас бухгалтерлерінің орынбасарлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып табылмайды. 

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды келісу тәртібі "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген."; 

      7) 256-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "5. Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың немесе пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін төлеуші немесе агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.". 

      8. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 

      1) 4-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: 

      "17-1-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге   мемлекеттік қатысудың ерекшеліктері 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба) іске асыру; 

      2) жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін Қазақстан Республикасының қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдігін беру арқылы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге қатысуға құқылы. 

      2. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда іске асырылады. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мынадай талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі: 

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін өзі қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат береді; 

      2) жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын республикалық бюджет қаражаты және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алады; 

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын иеліктен шығарған кезде алынған қаражат республикалық бюджетке аударылуға жатады. 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын, мұндай акцияларды иеліктен шығару нәтижесінде туындаған залал "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс жағдайларды қоспағанда, көрсетілген акциялар иеліктен шығарылған жылдың алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген инфляция бойынша нысаналы бағдарлар ескеріле отырып, оларды сатып алу құнынан төмен құны бойынша иеліктен шығаруына жол берілмейді. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды. 

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша берешекті толық өтеу міндеттемесі жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік болып табылады. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      4. Осы Кодекстің 28-тарауының ережелері мен талаптары жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттік кепілдік алуға үміткер реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке және реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне қолданылмайды. 

      Осы Кодекстің 29-тарауының ережелері мен талаптары реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын және реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды."; 

      2) 71-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 

      "6. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету көлемі осы Кодекстің 28-тарауына сәйкес болжанады және бюджет жобасына енгізіледі. 

      7. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобалар осы Кодекстің 29-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі."; 

      3) 86-баптың 4-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу