Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онда орналастырылған цифрлық деректер өнімдеріне олардың алмасуы мен айналымының белгіленген шарттарымен қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық платформа. 

      2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке кәсіпкерлік субъектілері цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканы дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерімен алмасуы және олардың айналымы платформаларын құруға құқылы. 

      3. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 

      4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде және тәртіппен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформаларының тізіліміне енгізілуге тиіс. 

      5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелері және (немесе) иегерлері: 

      1) цифрлық деректер өнімдерінің тізбесін құруды және жүргізуді қамтамасыз етуге;  

      2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жеткізу, алмасу және пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге; 

      3) цифрлық деректер өнімдеріне рұқсатсыз қол жеткізудің, олардың таралып кетуінің және трансшекаралық берудің, егер мұндай беру Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген болса, алдын алуға міндетті.  

      6. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының мониторингін жүзеге асырады. 

      7. Қызметі басталған сәттен бастап цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті органға қызметтің немесе іс-қимылдың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. 

      8. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді. 

      9. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне: 

      1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді қоса алғанда, бастапқы (өңделмеген) деректердің айналымын жүзеге асыруға; 

      2) егер мұндай орналастыру немесе сақтау шектелген болса, цифрлық деректер өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастыруды немесе сақтауды жүзеге асыруға; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық деректер өнімі меншік иесінің және (немесе) иегерінің келісімінсіз цифрлық деректер өнімдерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы