31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерінің өкілеттігі Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi:
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы