Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 32-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

32-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы 

      1. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіруі, шығуы, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету, оларда Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік құралдарына құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады. 

      2. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қатынастар органдары әскери қызметшілерінің, мемлекеттік кіріс органдары және өзге де органдар, көлік ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ өткізу пунктінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді шешуге уәкілеттік берілген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және өзге де лауазымды адамдардың өткізу пункттеріне кіруі: 

       1) теміржол, автомобиль, теңіз және өзен өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;  

      2) авиациялық өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады. 

      3. Өткізу пункттеріне кіруге, шығуға рұқсат беру тәртібі (арнайы рұқсаттамалар негізінде) жоғарыда аталған органдар мен ұйымдардың қызметтік көлігіне қатысты да белгіленеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы