Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

    1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау iстi соттылығы бойынша жiберу, істі прокурорға жіберу, iстi тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдау, қылмыстық iстердi бiрiктiру және бөліп шығару, сондай-ақ тараптардың өтiнiшхаттарын қарау қажет болған жағдайда өткiзіледi.

      2. Iстi алдын ала тыңдауды судья оны өткізу туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәулік ішінде сот отырысында жеке-дара жүргiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.

      3. Сот отырысына аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталатын сотталушы, егер ол бұл жөнiнде өтiнішхат жасаса, алдын ала тыңдау оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi келтірмейді.

      4. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмысты жасады деп, сондай-ақ 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғы туралы, егер мұндай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.

      5. Судья істi алдын ала тыңдау нәтижелерi туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Істi соттылығы бойынша прокурорға жiберуге, іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға, iстi тоқтатуға негiздер болмаған кезде сот осы Кодекстің 322-бабының талаптарын сақтай отырып, басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.

      6. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, ол жаңа тұжырымдауды сотқа жазбаша түрде ұсынады және судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттылықтың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстің631-бабыныңбірінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша алдын ала т...

Толық оқу »

637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-проце...

Толық оқу »

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тыңдау өткізу

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексіне алдын ала тыңдау өткізуАса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті....

Толық оқу »

339-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК алдын ала тергеуін жүргізуге және сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау

339-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК алдын ала тергеуін жүргізуге және сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау 1. Сот төрелігін жүзеге...

Толық оқу »

341-бапқа түсініктеме. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ҚР ҚК алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қатер немесе күш қолдану әрекеттері

341-бапқа түсініктеме. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ҚР ҚК алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қатер немесе күш қолдану ә...

Толық оқу »

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету Егер ол прокурордың, тергеушінің немесе анықтауд...

Толық оқу »

491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi - ҚР Заңымен алынып тасталды. 1. Суд...

Толық оқу »

Статья 518. Окончание предварительного следствия ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

Статья 518. Окончание предварительного следствия ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. По окончании предварительного следствия лицо, осуществляющее д...

Толық оқу »

491-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің өтінішхатын алдын ала қарау нәтижелері бойынша қабылданатын қаулылар

491-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің өтінішхатын алдын ала қарау нәтижелері бойынша қабылданатын қаулыларӨтінішхатты алдын ала қарау нә...

Толық оқу »

636-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудің ерекшелiктерi  ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

636-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудің ерекшелiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Судья алдын ала тыңдауды сотталушыларды, оның ішінде өздеріне...

Толық оқу »

635-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тыңдау өткізу

635-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тыңдау өткізуОсы Кодекстің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша ал...

Толық оқу »