Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 3301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

3301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

 

      1. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2025 № 150-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дайындау немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

      1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

      2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      3) бірнеше рет;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.01.2025 № 150-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жасалған іс-әрекеттер –

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-бөлікті 5) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.01.2025 № 150-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1998 жылғы 14 мамыр N 3.

Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Плену...

Толық оқу »

263-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын улы заттардың, сондай-ақ заттардың, құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

263-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын у...

Толық оқу »

38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғауҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      1. Бала пс...

Толық оқу »

263-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын улы заттардың, сондай-ақ заттардың, құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

263-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын у...

Толық оқу »

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясы

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясыРеспубликаның есірткі құр...

Толық оқу »